Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні ұлттық мерекесіне орай, 1000 адам Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.
Іс-шараға оқу ордасының қызметкерлері, факультет декандары, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар белсенді атсалысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз», – деген болатын.
Қарагөз Серікқызы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспагерлік, редакторлық және
дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы
