13 қаз, 2023 сағат 14:33

Мусин Қазнетке жасалып жатқан DDoS-шабуылдары туралы айтты

pressfoto/Freepik

Қазнетке жаслған DDoS-шабуылдары және Қазақстан Интернетке сыртан араласу оқиғаларынан қалай қорғанып жатыр? Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Министрдің айтуынша, интернеттің қазақстандық сегментінде минут сайын мыңдаған шабуыл болады.

"Мен ақпараттық қауіпсіздікті де, мемлекеттік саясатты да қадағалайтындықтан, реттеуші орган ретінде әкімшілік жаза қолдануға құқылымыз. Біз не болып жатқанын білеміз. Интернеттің қазақстандық сегментіне минут сайын мыңдаған шабуыл жасалып жатыр. Бұл қалыпты құбылыс. Ағын көп болған кезде, әрине, төтенше жағдайлар болады", - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, ақпараттық қауіпсіздік орталығы күн сайын қазақстандық сегментке бағытталған мыңдаған, миллиондаған DDoS-шабуылдарына тойтарыс беруге қабілетті.

"Біз төтеп бере аламыз. Бұл БҰҰ-ның киберқауіпсіздік рейтингінде 31-орынға көтерілуімізбен дәлелденді. Біз құрылғыларымыз бен жабдықтарымызды жетілдіруді жалғастырамыз", - деп түйіндеді Мусин.