15 мау, 2024 сағат 13:06

Мұрат Әуезов дүние салды


Фото: time.kz
Белгілі ғалым, мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов дүниеден озды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Қаралы хабарды жазушы, Қазақстан ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

"Қайғылы хабар келді: ұзақ науқастан кейін ұлттың мақтанышы, ұлы ойшыл Мұрат Әуезов дүние салды!!! Қош бол, құрметті Мұрат Мұқтарұлы!" -деп жазылған хабарламады.


Мұрат Әуезов 1943 жылғы 1 қаңтар күні Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді.