Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу саласындағы туыстық және достық байланыстарды тоқтатуға шақырды және заңбұзушыларды қатаң жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекеттік сатып алулар. Иә, шынымен де, жергілікті жерлерде өте маңызды заңбұзушылықтар болуы мүмкін және бізге стандарттар қажет. Ең бастысы - бұл мәселені шешуге құқықтық тұрғыдан қарау. Біз неге бұл мәселені шеше алмаймыз? Жазалау керек. Қатаң жазалау керек, басқа жол жоқ", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлер отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи мемлекетте заң бірінші орында тұратынын айтты.
Айыппұлдар, кабинеттердегі жеке талқылаулар, "келісеміз ғой"... Бізде қоғам өте үйлесімді, талқылау қарапайым, әркім бір-бірімен әртүрлі шарттар бойынша келіссөздер жүргізе алады. Бұл рулық байланыстар, достық байланыстар және басқалар. Бұны қою керек. Біз заманауи мемлекетке айналуымыз керек. Ал заманауи мемлекет дегеніміз не? Бұл - заң", - деді Президент.