07 нау, 2022 сағат 11:35

Мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты


7 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты. Бұл - 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары, - деп хабарлайды РИА Новости

Астана уақыты бойынша, 05.59-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 130,1 долларға дейін өсті, бұл - шамамен 9 пайызға жоғары. WTI сәуір фьючерстері дүйсенбіде 9,68 пайызға - 126,12 долларға дейін қымбаттады.

Бұған дейін Brent мұнайының максимал бағасы 2008 жылы тіркелген болатын. Ол кезде барреліне 143 доллардан асқан еді.