12 сәу, 2023 сағат 18:46

Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Саясаткер Мұхтар Тайжан қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен М.Тайжан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.