14 мам, 2020 сағат 09:48

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 118 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 94 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 24,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы сәуір айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,2 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 530,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 168 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2020 жылғы 1 мамырға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 45 480 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 36 896 теңгені құрады.