Мұғалімдерді курстардан өткізу жалғасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр. Оқу процесін аталған форматта өткізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп отыр. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен мұғалімдер қажет компьютерлік техникамен еткен қамтамасыз етілді. Бұл бағытта Үкіметтің резервінен де, жергілікті бюджеттен де қаражат бөлініп, соның арқасында ауқымды көлемде компьютер сатып алынды және балаларға таратылды. Дегенмен онлайн жүйені әлі де жетілдіріміз керек», - деді А. Аймағамбетов.
Осы орайда министр онлайн платформалар жеткіліксіз екенін айта келе, сондықтан бұл бағытты дамытудың жолдары қарастырылып отырғанын айтты.
«Тағы бір мәселе – ол мұғалімдерді курстардан өткізу. Барлық педагогтарды қысқа мерзімді курстардан өткіздік. Бұл бағыттағы қадамдар жалғасатын болады. Жалпы педагогикалық университеттерде педагог мамандарды дайындағанда осы міндетті пәнді, міндетті модульді енгіземіз. Біліктілікті арттыру курстарында да осы мәселе бойынша тиісті модульді қосамыз», - деді ведомство басшысы.