18 қаң, 2024 сағат 16:28

Mudarabah Capital-дың сотталған басшысының анасы қарттар үйінде тұрып жатыр

Фото: Instagram/ruslan_burkanov

Mudarabah Capital ЖШС басшысы болған Руслан Бұрқановтың анасы қарттар үйінде тұрып жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен апелляциялық алқа отырысында Бұрқановтың адвокаты Анар Катебаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Руслан Бұрқанов - анасының жалғыз ұлы. Қазіргі уақытта оның анасы мемлекет қамқорлығында, қарттар үйінде тұрады. Өйткені жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін менің қорғауымдағы адам пәтерін сатуға мәжбүр болды", - деді адвокат.

Айта кетейік, Руслан Бұрқанов Mudarabah Capital компаниясының бас директоры болған. Ол 2021 жылғы қазанда қаржы пирамидасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынды. Барлығы 12 адам сотқа тартылды. Іс бойынша айыпталушылар 262-бап бойынша сотталды.