27 қыр, 2022 сағат 15:13

Мобилизация жарияланғалы Қазақстанға қанша ресейлік келген?


Ішкі істер министрлігі Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

21 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасына 98 мыңға жуық ресейлік келген. Ресейліктердің 64 мыңы елден кеткен. Ал 8000-ға жуық бейрезидент ЖСН алған.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2018-2019 жылдары Қазақстанға үш миллионға жуық Ресей азаматы келгенін айтты.

"Тоғыз ай ішінде Ресейден Қазақстанға 1 миллион 700 мың Ресей азаматы келді. Сонымен қатар, біздің азаматтар да белсенді түрде кетіп жатқанын айта кету керек. Күн сайын Қазақстанның 40 мың азаматы шетелге шығады.

Кері әсерді де қарау керек. Сондықтан бізде барлығы бақылауда, көші-қон заңнамасы жұмыс істейді, заңнаманы бұзу бойынша қандай да бір аномал құбылыстарды көріп отырған жоқпыз", - деді ІІМ басшысы Астанадағы брифинг барысында.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдермен тату болу керегін айтып, ресейліктер келе бастағанына қатысты пікір білдірген еді