10 нау, 2021 сағат 08:18

Минскіден ұшып келген жолаушы коронавирус жұқтырған болып шықты

9 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 9 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді. 

3 279 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 005 адам, анықтамасыз 274 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз - 10.

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген; 

- Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 282 жолаушы анықтамамен келген;

- Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 

Анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.