16 қаң, 2023 сағат 15:20

Министрлік "Цефтриаксон"-нан қайтыс болғандар туралы ақпаратқа пікір білдірді


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Цефтриаксон" препаратынан болған 18 өлім туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оған сенсек, препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған. 


Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

"Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводан.

"Цефтриаксон" - бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.