Фото: Наргиз Северная/facebook.com
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің ұсталуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы кулуарында БАҚ өкілдері министрден Алматыда әріптестерінің ұсталу оқиғалары жиілеп кеткеніне, сондай-ақ журналистер Владимир мен Наргиз Северныйға қатысты пікір білдіруді сұрады.
"Біз қашанда журналистердің құқығын қорғап келдік. Кейбір әріптестерге журналистік қызметіне қатысты емес айып тағылды. Барлығы тергеу аясында. Ақпарат болса айтамыз, тиісті органдардан сұраймыз. Оларға журналистік қызметіне қатысты емес айып тағылды", - деді Дархан Қыдырәлі.
Еске салайық, Алматыда қазақстандық журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталған еді. Алматы сотының баспасөз қызметі Владимир Северныйдың екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Ал әйелі Наргиз үйқамаққа алынды.