Теңгенің шетел валюталарына қатысты нақты бағамын жариялау да дұрыс емес, деп есептейді ұлттық экономика министрі.
"Жалпы, қазір, әрине, ұлттық валюта бағамына белгілі бір қысым бар, бірақ бұл қысым кейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк пен үкімет қабылдаған шараларға келсек, Ұлттық банкте ақша-несие шаралары бар, үкіметте жүйелі және жедел шаралар бар. Жалпы, инфляцияны төмендету үшін бәрі жасалып жатыр. Ақша-несие мәселесіне келетін болсақ, Ұлттық банк жағдайды бақылауда ұстап, тұрақты есеп беріп отырады", - деп түсіндірді ол.
Ресей-Украина келіссөздері нәтижесіне келетін болсақ, пессимистік сценарийдің Қазақстан экономикасына әсері туралы "көп айтуға болады", деп қосты Әлібек Қуантыров.
"Бірақ оптимистік нұсқаны айтайық. Бұл Украина-Ресей жанжалының жақын арада реттелуі. Сонымен қатар, ресейлік тарап дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеп жатыр және негізінен, егер олар өз экономикасын сақтаса, бұл бізге белгілі бір дәрежеде оң әсер етеді", - деді ол.
Министр қазір ел үкіметі дағдарысқа қарсы шараларды пысықтап жатқанын қосты. Сондай-ақ, Қуантыров Қазақстанда сыртқы міндеттемелер мен әлеуметтік міндеттемелерді төлеуде ешқашан қиындық болмағанын еске салды.
"Осының бәрін жоспарлағандай жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл еліміздің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін. Иә, мәселе санкцияларда, әрине, олар жалғасады. Олардың қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Біз ең жақын сауда-экономикалық серіктестердің біріміз, сәйкесінше біз де өз шараларымызды қабылдап жатырмыз", - деді ол.
Бұл ретте ұлттық экономика министрі геосаяси жағдай тұрақталып, шиеленіс реттелсе де Қазақстан экономикасы үшін кейбір қауіп-қатер сақталатынын қосты.
"Бірақ біз оларды бейтараптандыру және Қазақстан мен азаматтар мүддесін қорғау үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді министр.