23 қыр, 2022 сағат 15:40

Министр қазақстандық студенттерге Ресейде білім алуға шектеу қойылмайтынын айтты


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық студенттердің Ресейде білім алуына ешқандай шектеу қойылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда Ресейдің жетекші техникалық университеттерінің екі филиалы ашылды. МИФИ ядролық университетімен ядролық энергетика және ақпараттық қауіпсіздік саласында екі үлкен бағдарлама басталды. Енді талапкерлер Ресейге бармай-ақ, елімізде мықты ресейлік инженерлік университеттерден білім ала алады. 

Саясат Нұрбек биыл қазақстандық студенттерге Ресейден білім алуына шектеу қойылмағанын, ал Ресей мен Украинадан қанша студент Қазақстанға ауысқанын айтты.  

"Олардың Ресейдегі оқуын жалғастыруға ешқандай шектеу жоқ. Бірнеше мың қазақстандық студент Ресейде оқуларын жалғастырып жатыр. Ал ресейлік-украиналық университеттерде оқып жатқан 2465 қазақстандық студент қазақстандық ЖОО-ларға ауыстырылды. Ал Украинадан 34 студентіміз елдегі оқу орындарына ауысты", - дейді министр.