19 қаң, 2022 сағат 18:37

Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады - Президент


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі қызметінен босатылған Мұрат Бектановты Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде командир ретінде қабілетін көрсете алмағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерге деген талап күшейе түскеніне тоқталды.

– Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.