04 қаз, 2022 сағат 15:07

Министр балтамен ұсталған ресейліктер қалай жазаланғанын айтты


Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Шекараны заңбұзушылықпен кесіп өткендер сот шешімі бойынша Қазақстаннан шығарылып, құзырлы органдарға тапсырылды", - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұсталғандар балта алып жүрген.

"Оларда қару емес, балта болған", - деді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш ресейлік ұсталған болатын. Тәртіпбұзушылар өз әрекетін Ресей Федерациясында жарияланған мобилизациямен байланыстырған.