02 нау, 2020 сағат 12:28

«Мейірімді сәрсенбі» жобасы іске қосылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Мейрімділер клубы» волонтерлік ұйымымен бірлесе отырып 1 наурыз күні «Мейірімді сәрсенбі» жобасын іске қосты.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымованың сөзіне сәйкес «Жоба идеясы мұқтаж жандарға волонтерлердің, азаматтардың, ҮЕҰ, бизнес өкілдерін мейрімді істерге белсенді тарту. Аталған іс-шара Алғыс айту күнінде Достық үйінде басталуы орынды.

Жоба «Мейірімді үйшік» жануарларға көмек акциясынан басталды.

1 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында 30 бала ата-аналарымен  қоса осы акцияға қатысты. Балалар өз қолдарымен жануарларға арналған үйшіктерді бояды. Ең кішкентай қатысушысының жасы – 3,5 жас, ең үлкен қатысушы - 13 жаста. Әрбір бала кейіннен қамқорлық жасайтын жануарларға хат жазды.

Данияның (7 жас) анасы Гүлнара Қазмұханбетованың айтуынша, акцияны әлеуметтік желі  арқылы өтетіндігі туралы біліп, осы акцияға қатысу туралы шешім қабылдады. Себебі Дания  мұқтаж адамдарға, оның ішінде жануарларға да көмектесуді қалайды.

Дания өзінің хатында былай деп жазды: «Мен сияқты әркімнің жолы болмайтындығын білемін. Менің үйім, отбасым, тамағы бар. Мен сенің жылыда болмағаныңды және мұңаймағаныңды қалаймын. Мен сенің отбасыңның және тамағыңның болғандығың қалаймын».

2 баланың анасы Айару (8 жаста) және Ислам (10 жаста) Гүлжанара Сартаеваның айтуынша: «Біз мұндай шараға бірінші рет қатысып отырмыз. Бірақ менің балаларым бұл күнді асыға күтті. Осындай игі іске атсалысып, кіші бауырларымыздың қамқорлығына өз үлестерімізді қосқанымызға өте қуаныштымыз. Біз балалармен бірге жануарлар баспанасына  міндетті түрде барамыз. Балаларға бұл ұнады».

Ата-аналар «Волонтер жылына» ризашылықтарын білдіріп, біздің азаматтарымыздың көпшілігі игі істерді жүзеге асыруға қатысатындығын атап өтті.

Гульмира Абдрашева, Қайырымдылық клубының негізін қалаушысы және «Вirgemiz: Qamqor» жобасының амбассадоры, Волонтер жылы аясында бұл акция мейірімділікке бастайтын алғашқы қадам екенін атап өтті. Кейбір балалар үйсіз жануарлардың барын білмеді. Мұндай гуманитарлық бастамалар үнемі жалғасып отыруы керек, өйткені олар топтастыруға, мейірімділікке, сананы жаңғыртуға бағытталған.

Балалар шығармашылығымен безендірілген үйшіктер «СтопОтлов» жануарлар баспанасына беріледі.

Айта кету керек, жануарлар арналған үйшіктер ментальді бұзушылықтары бар адамдар жұмыс жасайтын Green Tal әлеуметтік шеберханасында жасалған.

Іс-шара «Birgemiz» ұраны - Волонтер жылы аясында өтті.