Фото: Арман Мұхатов
Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов бірқатар маңызды ой-пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша Тоқаевқа, Үкімет мүшелеріне және министрлікке жолданатын әрқилы хаттарға қол қояр алдында айрықша мұқият болу қажет.
"Таңғалдыратын тағы бір мәселе, өзіміз жұмыс істеп жүрген кинематография болсын, театр болсын, мемлекетке қызмет етіп жатқан адамдардың ішінен кейбіреулер өзінің істеп қойған қылмысын жасыру үшін біздің мықты-мықты адамдардың қолын қойғызып, президентке хат жазады. Осыны тоқтату керек.
Өзінің терісін сақтап қалу үшін, өзінің қылмысын жасыру үшін Президентке кез келген уақытта хат жазатын адамдар онған адамдар емес. Былтыр сондай әңгімелер болды. Мен артынан жазушылардан «Неге қол қойдыңыз» деп сұрадым. «Айтып еді, сосын қоя салдым» дейді. Сондай бола ма? Не жазылғанын, онда не айтылғанын қарамай, қол қоюға бола ма? Біреуді нақақтан қаралауға бола ма? Сондықтан да Президентке болсын, Үкіметке болсын, министерге болсын, жазылған хатқа, оған қол қоярда байыппен қарау керек", - дейді Құлкенов.
