08 нау, 2021 сағат 19:11

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?

Қазіргі уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 88409 адамды құраса, оның 49 031-ы, яғни 55,5 % - әйел адам, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдердің саны 39,8% құрайды (9531 адам). Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі жалпы басқарушы лауазымды атқаратындардың жалпы саны 23961 адамды құрайды. 

Ал, жергілікті мемлекеттік органдардағы әйелдердің үлесі - 51, 9 % (21744 адам). Үздік үштікте – Ақмола (63, 3%), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Шығыс Қазақстан (61,4%) тұр.