Фото ашық дереккөзден алынды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің казино мен құмар ойындарды ойнауына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Агенттіктің көзқарасы бойынша, біз мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына тыйым (қарсылық) салып жатырмыз. Бұл норманы (заңға) әдеп жағынан енгіздік. Әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңға байланысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар жүргізілген соң нақты ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді Дархан Жазықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер мен әскери мамандарға ойынханаларға баруға тыйым салынбақ. Жарлыққа енгізілген өзгерістер "Ашық НҚА" сайтында жарияланған болатын.
Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.