24 шіл, 2019 сағат 16:06

Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау күшейеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қызметшілердің тартымдылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында оларды қолдау үшін кешенді шара қабылдау қажет. Бұл туралы МҚІА төрағасы Анар Жайылғанова агенттіктің кеңейтілген кеңесінде айтты.

«Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, оңтайландырылған әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктер мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы мамандарды тартуға көмектеседі», - деп атап өтті төраға.

Анар Жайылғанова агенттікке тиесілі аумақтық бөлімше басшыларына жергілікті органдардағы мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына көңілі толатын-толмайтынына талдау жүргізіп, бір ай көлемінде ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерді қолдау шараларын әзірлеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған.