06 қаң, 2021 сағат 10:15

Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке табыс салығын есептеуге қатысты мән-жайды түсіндіріп берді

Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке табыс салығын есептеу мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет есепшілердің арыздануына орай, осы уақытқа дейін МЗЖ және МӘМС жеке табыс салығы салынатын кірістерден алынып тасталмайтын хабарлады. 

«Сондықтан, жеке тұлғалардың 11%-ға жуық табысы да (10% МЗЖ және 1% МӘМС) жеке табыс салығымен (ЖТС) салықтандырылатын. Яғни, 100,0 мың теңге табыс тапқан жағдайда ЖТС 10,0 мың теңге құрады, негізі ол 8,9 мың теңге болуы керек ((100,0 – 10,0 – 1,0) *10%). Сол себептен Салық кодексіне өзгерістер енгізілген. Бұл ретте, МЗЖ және МӘМС-ке салынған жеке табыс салығын қайтару салықтық өтініші бойынша жүргізіледі», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметіне, қызметкерлердің салығын есептеуде бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасқан. 

«Бүгінгі таңда біздің еліміздегі қандай да бір қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар жеке тұлғалардың мүдделерін білдірмейді деген тәжірибе қалыптасқан. Сонымен қатар, салық төлеушілер-заңды тұлғалардың едәуір бөлігі өз қызметкерлерін азаматтық-құқықтық шарттарға ауыстырды, бұл әлеуметтік сенімсіздік пен болашаққа деген сенімсіздіктен басқа, салық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында схемаларды теріс пайдалануды тудырады, атап айтқанда, осындай қызметкерлерден еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлеу бойынша (9,5%). 

Бизнес субъектілерінің өтініші бойынша, 2018 және 2020 жылдардан бастап осы түзетулерді қолдану қажеттілігіне қарамастан, бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасып отыр», делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, осыған байланысты 2018-2020 жж кезеңде жүргізілген МЗЖ және МӘМС бойынша шегерімдерді қолданып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан басталған артық төленген жеке табыс салығын қайтаруға берген өтініштер қабылдануы үшін өтпелі ережелерді қарастырып, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде жоғарыда көрсетілген ережелердің қолданысқа ену мерзімін өзгерту туралы мәселе қаралуы мүмкін