09 нау, 2020 сағат 11:18

Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды – ҚР Президенті

Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қазақстанда Шұғыл әрекет ету штабы құрылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын Шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады», - деп жазды Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.