ҚР Президенті Ұлттық кеңестің мүшесі Марат Башимовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовпен кездесу барысында құқық қорғау жүйесіне, заң жобаларын жетілдіруге және азаматтық секторды дамытуға қатысты мәселелер сөз болды.
Қоғам қайраткері Мемлекет басшысының бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс деген ұстанымын қолдайтынын айтты.