Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке халықаралық әуежайдың жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.