10 сәу, 2020 сағат 14:27

Мемлекет басшысы IT саласындағы кемшіліктер туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың карантиндік режімге ауысып, мектептер мен университеттерде қашықтан оқытудың енгізілуімен интернет жүйесі сын сағатта - беріктік сынағына төтеп бере алмай қалғанын баса айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үлкен жүйелі кемшіліктер анықталды. Білім және ғылым министрлігі амалсыз теледидар арқылы сабақ беруге мәжбүр болды. Жарнамасы жер жарған «E-Learning» жүйесі істемей қалды. E-gov-та үзілістер байқалды. Вирустық кезеңнен кейінгі кезеңде біз осы жағдайлардан сабақ алып, есептерді талдауға дайын болуымыз керек. Ең бастысы, шын мәнінде цифрлы мемлекет болу үшін IT саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындағанымыз абзал. Келесі жыл мемлекетіміз тиімді цифрландыру нышанымен өтуі керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. 

Президент жаңа тәжірибені ескере отырып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қосымша қаржылық шығындарсыз қайта қарау қажеттігін атап өтті. 

«Біз денсаулық сақтау, білім және ғылымды түбегейлі реформалауымыз керек. Жоғарыда айтқанымдай, дағдарыс жақсы, өйткені ол барлық кемшілікті ашып беріп, үлкен мүмкіндіктерді де ала жүреді. Біз олардың артықшылығын пайдалануымыз керек. Реформаларды дамыту жұмыстары қазірден басталуы тиіс», - деді ол.