13 қаң, 2021 сағат 15:40

Мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады – Бас санитар

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Оқу жылының үшінші тоқсанында мектеп асханалары ашыла ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мектеп асханасы бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады», - деп жауап берді Е. Қиясов ОКҚ-да өткен брифингте тілші сауалына.