Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медициналық берперделерді (маскаларды) Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынбағанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі таңда елімізде медициналық берперделерді бес отандық кәсіпорын өндіреді: «Super-pharm« (Жамбыл облысы), «Dolce« ЖШС (Алматы облысы), «Mega Pharma« ЖШС (Шымкент қаласы), «Medical Active Group« ЖШС (Алматы қаласы). Аталған кәсіпорынның барлығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.