Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген Өкім мәтінінде.
Еске салайық, қазақстандық депутаттар 30 маусымда каникулға шыққан болатын. Дәстүр бойынша қыркүйекте Парламенттің жаңа сессиясы басталады.