14 нау, 2022 сағат 11:07

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты З. Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.