11 нау, 2020 сағат 08:54

Мәжіліс бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы құжат бойынша талқылауды бастады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Енді Мәжіліс комитеті аталған құжат бойынша талқылауды жүргізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында әзірленді. Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге конституциялық құқықтарын іске асыру, сондай-ақ елді мекендердегі арнайы орындарды анықтау», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның пайымынша, заң жобасы қабылданған жағдайда ол қоғамдық-саяси тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді.

«Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.