Мажарстан президенті болып алғаш рет ел тарихында әйел адам сайланды. Парламент депутаттарының үштен бір бөлігі 44 жастағы Каталин Новактың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оны елдегі ФИДЕС басқарушы партиясы ұсынды. Ол әртүрлі жылдары партия басшылығында түрлі қызметтер атқарды, ал өткен жылдың соңына дейін отбасы ісі жөніндегі министр болды.
Новак екі мерзімге президент болған мемлекет басшысы Янош Адердің орнына келді. Оның уәкілдігі 10 мамырда аяқталады.