10 қар, 2025 сағат 18:23

Майра Мұхамедқызы Парижде жеке концертін өткізді

Фото: Gov.kz

Парижде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай опера әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызының жеке концерті өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Мерейтойлық шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі ұйымдастырды. Концерт Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ француздық Air Liquide компаниясы мен Kazatomprom ұлттық компаниясының қолдауымен өтті.

Бұл кеш Майра Мұхамедқызының шығармашылық жолының 30 жылдық мерейтойымен де тұспа-тұс келді. Әншінің халықаралық мансабы дәл осы Парижде, әйгілі Бастилия опера театрының сахнасында басталған. Кейін ол Страсбург, Бордо, Ренн және Авиньон қалаларында өнер көрсеткен.