16 нау, 2022 сағат 17:15

Мәслихаттарға сайлаудың аралас үлгісін енгізу халық сұранысына жауап береді - Ақмарал Әлназарова


Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси жағдай аясында Қазақстан халқына Жолдауында елдің одан әрі дамуын атап өтті. Облыстық мәслихаттың 4-5-6 шақырылымдарының мәслихат депутаты ретіндегі жұмыс едәуір тәжірибем болғандықтан, осы айтылған бастамалар қоғамның, мемлекеттің және бірінші кезекте Қазақстан халқының қазіргі заманғы сұранысына сай келетінін нық сеніммен айта аламын.

Президенттің шамадан тыс өкілеттіктерден бас тарту бастамасы саяси жаңару бағытындағы тағы бір қадам болып табылады. Парламенттің рөлін күшейту – «күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» саяси жүйе кескін-келбетін іске асыру билік институттары мен жергілікті өкілді органдардың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, мәслихаттарға сайлаудың аралас үлгісін енгізу өте уақтылы және халықтың сұранысына жауап береді. Мәслихаттардың рөлін арттыру және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл да біраз уақыттан бері талқыланып, бүгінгі құжатта көрініс тапқан мәселе болып табылады. Жергілікті басқару органдарын қаржыландыруды кеңейту және олардың меншік базасын кеңейту көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеуінің іргелі қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылатын Еуропалық жергілікті өзін-өзі басқару хартиясын ратификациялау қажеттігі туралы айтты. Осы шаралардың барлығы ағымдағы жылдың ортасына дейін жүзеге асуы тиіс. Бұл бастамалар халық пен биліктің арасындағы сенімді арттыруға септігін тизгізетіні анық. 

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,

Сенат депутаты