Абайдың 175 жылдығына орай Мәскеудегі «Чистые Пруды» бульварындағы ұлы қазақ ақыны ескерткішінің жанында екі мәдени шара өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевтың басшылығымен елшілік дипломаттары, сонымен қатар қазақ мәдениетінің Мәскеудегі қоғамдастығының өкілдері Ресей астанасындағы «Чистые Пруды» бульварындағы ұлы қазақ ақыны һәм ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Дипломаттар ақын шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллердің және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйлегенін атап өтті. Іс-шара аясында елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтты. Сондай-ақ, елшілік Абай мерейтойына арнайы Рунетте abai175.ru сайтын таныстырды, онда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат топтастырылған.
Сондай-ақ, Абай ескерткішінің жанында бірегей инсталляция ұсынылды.
Ұлы қазақ ақынының суреті салынған көлемді пазл қазақстандық балалардың 200 суретінен құралған. Олар ақынның 175 жылдығына орай өткізілген көптеген конкурс нәтижесі бойынша іріктелді.
Шараны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, «Ресейдің мәдени маусымдары» қоры, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі, Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубы (Нұр-Сұлтан қ.), Қазақстандағы педагог суретшілердің халықаралық одағы, «Балалар әлемді бейнелейді» қоры (Қазақстан), «Жамбыл дарыны» орталығы – ЮНЕСКО клубы (Тараз қ.), «Лорд» лицейі (Петропавл қ.).
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев науқан өткізіліп жатқан орынның маңыздылығын атап өтті. Дипломат ақынның қара сөздері бүгінгі таңда да өзекті екенін, өйткені тұрғылықты жеріне қарамастан барлық адамдар үшін түсінікті екенін атап өтті.
Мәскеудің сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаменті басшысының орынбасары Алексей Бондарук Ресей астанасымен Қазақстанды ерекше жылы, тиімді және достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті. «Мәскеулік ретінде мен үшін қазақ халқымен арамыздағы достық қатынастар көбінесе Абайдың шығармашылығына негізделетінін сезіну маңызды. Бәлкім, 1941 жылы орыс және қазақ халықтарына Мәскеуді қорғап қалуға жәрдемдескен «болат қылыш» Абайдың орыс классиктерін аударған туындыларына негізделген болар. Мен мәскеулік ретінде осындай керемет ұлы тұлғаны қатты құрметтеймін», – деп атап өтті Бондарук.