23 ақп, 2022 сағат 22:17

Мәсімовтің тағы бір экс-орынбасары қамауға алынды


22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Садықұловқа, Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр" делінген хабарламада.

23 ақпанда сот санкциясымен Өсіповке қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.