13 ақп, 2020 сағат 11:51

Масанчиде қираған үйінділердің астынан адам мүрдесі табылды

Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында қираған үйінділердің астынан адам мүрдесі табылды. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыры құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның өртенген мүрдесі табылғандығы туралы ақпарат түсті. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел алдын-алу шаралары жүргізілуде», - деп жазды ол.

Еске салайық , 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық сипаттағы жаппай төбелесті айыптап, арандатушылар бұны одан сайын өршіткенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қордай ауданындағы оқиға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.