Фото: © AFP 2023 / FADEL SENNA
Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.
"Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жетті, тағы 329 адам жарақат алды", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйек кешке магнитудасы 6,9 болатын жойқын жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпулері бірнеше рет қайталанған.
Марокко ақпарат агенттігі (MAP) Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап, 296 адам қаза тауып, 153 адам жараланғанын хабарлады.
Сейсмологтар алдағы бірнеше сағатта, тіпті алдағы бірнеше күн ішінде жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.