Фото: ҚР СІМ
Мароккодағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, Мароккода Қазақстан елшілігі бар.
"Елшілік және басқа да қазақстандықтармен қоса алғанда отыздан астам Қазақстан азаматы тұрады. Барлығы аман-есен, ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрімен байланыстамыз. Басқа зардап шеккендер мен қайтыс болғандар арасында Қазақстан азаматы жоқ", -деді Смадияров Cыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйекте күні магнитудасы 6.9 зілзала болды. Табиғи апат салдарынан көптеген ғимарат қирап, үйіндіге айналды. Кейбір өңірлерде жарық өшіп, сумен қамту жүйесі ішінара бұзылды.
Соңғы ақпарат бойынша жер сілкісінен қаза тапқандар саны үш мыңға жуықтаған.