22 мам, 2019 сағат 13:26

Марат Тәжин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева сөз сөйледі.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді.