04 қаң, 2022 сағат 11:40

Маңғыстау облысындағы митинг: Qazaq Oil мәлімдеме жасады


Кеше, 3 қаңтарда, Qazaq Oil газ саудасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Газға деген сұраныстың күрт артқанына қарамастан жанар-жағар май станциясы корпоративтік клиенттері алдында газды бекітілген бағамен талонмен және арнайы картамен сату бойынша міндеттемесін орындайды.

"Қор шектеулі болғандықтан жеке тұлғаларға газды бостауды белгілі бір меже орнатылуы мүмкін. Қорға қосымша газ жеткізілгеннен кейін бұл шаралар алынып тасталады. Газ қоры 10-12 қаңтар аралағында толықтырылады деп күтілген. Оның бағасы министрлік бекіткен литрі үшін 85-90 теңге шамасында болады", - деп мәлімдеді компания.

Компания мәліметінше, қаңтардың алғашқы күні өңірде газ тапшылығынан туындаған баға өсімі кезінде де Жаңаөзендегі Qazaq Oil жанар-жағар май желілерінде баға 65 теңге көлемінде болған. Ал басқа қалаларда 79 теңге шамасында болды және сату бойынша ешбір шектеу болған жоқ.