Фото: ҚР МАМ
Мерекеге орай республикалық мәдениет ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль өтуде. Ал Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «Мәдениет пен дәстүр – ұлт болмысының негізі» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Астанада Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – мәдени мұра кеңістігі» атты мерекелік бағдарлама өтуде. Бұл жобалар халықтың мәдени кодын қалыптастыратын тарихқа, дәстүрлерге және ұлттық құндылықтарға арналды.
Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де кеңінен қамтыды. Ақтөбе облысында ұлттық өнер мен дәстүрлерді дәріптейтін «Жыраулар жолымен» мәдени жобасы мен «Dastur-fest» фестивалі ұйымдастырылды. Ақмола облысында көрермендерге «Көктем-керуені» атты ұлттық-танымдық бағдарлама ұсынылды. Ал Қарағанды облысында «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты тарихи-этнографиялық кеш, digital форматтағы байқау және «Nauryz: Inspired by Traditions» фестивалі өтуде. Маңғыстау облысында халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылуда.
