02 там, 2024 сағат 10:45

Мәдениет министрлігі «Қазақфильмге» қатысты мәлімдеме жасады


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты «Қазақфильмнің» бұдан былайғы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды», — делінген хабарламада. 


Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.

Бұған дейін Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.