Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.
Бұл туралы "Пул первого" Telegram-арнасы хабарлады.
"Ескі доспен жылы кездесу.
Кеше кешке Лукашенко Назарбаевтың үйіне соғып, әңгіме-дүкен құрды. Өзімен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президенті берген сыйлықтарды ала кетті", - делінген хабарламада.