Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.