Беларусь Президенті Александр Лукашенко ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде өз қалжыңымен әріптестерінің езуіне күлкі үйірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшыларының кеңесінің кеңейтілген отырысын қорытындылап жатқанда, Лукашенко одан "ТМД атқарушы хатшысының лауазымы бас хатшы болып өзгергенін жарияламадыңыз ғой" деп сұрады.
"Александр Григорьевич, төрағаларды сынау сіздің сүйікті ісіңізге айналған ба?" деп күлді Тоқаев. Залда отырғандар да күліп жіберді. Осыдан кейін ол ТМД президенттерінің оңаша кездесуінде ТМД атқарушы хатшысы лауазымы ТМД бас хатшысы деп өзгерту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
"Өйткені біз кеше АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын бас хатшы деп өзгерттік. Мұның алдында ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы да бас хатшыға ауысты. Сергей Лебедев ТМД бас хатшысы лауазымына лайықты адам деп ойлаймын. "Бас хатшы" лауазымының өзі айтарлықтай дәрежеде біздің ұйымның мәртебесін көтереді", - деп түсіндірді Қазақстан лидері.
Содан кейін Лукашенкоға қарап: "Осыны қаладыңыз ба?", - деп жымиды.
"Сергей Лебедев өмір бойына бас хатшы болады", - деп қосты Тоқаев.