Видеодан кадр/Коллаж ЭК
Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Астананың полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтіде болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысы бар екені туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқандарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Желіде лифтіде сүйісіп тұрған екі ер кісінің видеосы тарады.