22 қаз, 2020 сағат 12:48

Ләззат Қожахметова: Ауылдағылар үшін 6 пайыздық несиенің әуресі көп

Ауылдағы тұрғындарға 6 пайыздық несиені беру шарттарын жеңілдету керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық несие бар. Өкінішке қарай, «ҚазАгро» холдингіне қарасты акционерлік қоғамдар ауылдағы мүліктерді өте төмен бағалайды. Мысалы, бір үйдің шаршы метрін алты мың теңгеге бағалайды, 6 миллион теңге несие алу үшін бірнеше баспана болу керек. Ауылдағы тұрғындарға 6 пайыздық несиені беру шарттарын жеңілдетіп, бағалайтын мүлік құнын жоғарылатуды сұраймыз», - деді Л. Қожахметова.