21 қаз, 2024 сағат 16:28

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісі: Күдіктілер арасында бес жасөспірім бар

Фото: pixabay.com

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісіне байланысты тағы 11 күдікті анықталды. Оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары:

  • кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту;
  • жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау;
  • бопсалау;
  • есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру;
  • азаптау;
  • кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша істі қарауда.
"Қылмыстық істердің тоғыз қатысушысы қамауда. Екеуіне "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олардың арасында бес кәмелетке толмаған бала бар. Істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы мен ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде", – делінген ІІМ-нің жауабында.


Бұған дейін министрлік 13 күдікті туралы хабарлаған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік